30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар мұғалімдер тестілеуден босатылады

Сурет: primeminister.kz
30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) тапсырудан босатылып, қызмет нәтижелерінің жан-жақты аналитикалық қорытындысын, яғни портфолионы ғана тапсырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сонымен қатар бұрынғы жүйе бойынша "бірінші", "жоғары" санаттары бар мұғалімдер жұмыс нәтижесін жан-жақты қорытындылау арқылы "педагог-модератор" біліктілік санатына ауысса, онда тестілеуден босатылады. Оған қоса зейнет жасына шығуға төрт жылдан аспайтын уақыт қалған мұғалімдер аттестациядан босатылады.

"Мысалы, бұрын еңбек өтіліне және тәжірибесіне қарамастан барлық мұғалім ҰБТ тапсырса, енді жекелеген санаттар ҰБТ-дан босатылады. Бұл үлкен, 30 жыл педагогикалық өтілі бар, зейнетке шығуға 4 жыл қалған мұғалімдерге де қатысты. Аттестация мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында өткізілетінін, оның нәтижелері бойынша оларға біліктілік санаттары тағайындалатынын немесе бекітілгенін және жалақының 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төленетінін атап өтемін", - деді Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова.

Аттестациядан өту кезеңдері де қайта қаралды. Бірінші кезеңде мұғалімдер білім беруді ұйымдастыру барысында біліктілік бағалаудан өтеді. Одан кейін өз қызметінің нәтижелерінің жан-жақты аналитикалық қорытындысын тапсырады, яғни олар портфолиосын сараптамаға ұсынады. Келесі кезең – Ұлттық біліктілік тесті. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады