Атырауда аязға байланысты төменгі сынып оқушылары қашықтан оқиды

"Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша филиалының ауа райын болжау бөлімінің басшысы Аина Қазғұлованың айтуынша, арктикалық антициклон әсерінен өңірінен алдағы 3 тәулік жауын-шашынсыз, бірақ аяз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Атырау облысында  ауа температурасы күндіз -18, -23 °C, түнде -22, -27 °C көрсетсе, солтүстіктен -26, -30 °C аяз болады, - деді Анна Қазғұлова.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнәр Сәдуақасованың мәліметінше, ауа температурасының төмендеуіне байланысты облыс мектептеріндегі төменгі сыныптар қашықтан оқиды. 

"10-11 қаңтарда жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тобының тәрбиеленушілері және бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқиды. 5-11-сынып оқушылары қалыпты жағдайда білім алады", - деді Гүлнәр Сәдуақасова.
Қазақстан Атырау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: