Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Поисково-спасательный отряд, спасатели, спасатель, спасение людей, МЧС, чрезвычайные ситуации , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 12:07 Фото: МЧС РК
2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ құлады. Осыған байланысты ТЖМ түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат орнына ТЖМ күштері жұмылдырылды.

"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар.

"ТЖМ Командалық орталығында жедел ШТАБ құрылды, онда сенім телефоны жұмыс істеуде: 8/7292/319099".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: