Қазақстанда жатақхана құрылысы екі есе азайған

Сурет: pixabay
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 43 жатақхана пайдалануға берілді. Ал 2021 жылы 82 жатақхана пайдалануға берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Пайдалануға берілген жатақхананың жалпы ауданы бірден 65% қысқарып, 72,9 мың шаршы метр болды. Жатақханалардың пайдалы ауданы 148,9 мыңнан 58,9 мың шаршы метрге дейін қысқарды (60,4% азайған). Жаңа ғимараттардың кубатурасы (құрылыс көлемі) де төмендеді – 763,4 мың куб метрден 234,7 мың куб метрге дейін қысқарды. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
Құрылыстың нақты құны бір жыл бұрынғы 53,5 млрд теңгенің орнына 11 млрд теңге болды. Құндық көрсеткіші бір жылда бірден 79,5% азайды.
Республика бойынша пайдалануға берілген 43 жатақхананың 25-і ауылдық жерде және олардың жалпы ауданы – 19,5 мың шаршы метр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты