Әлемнің үздік ғалымдары тізіміне "Болашақ" түлектері де енді

Сурет: akorda.kz
2022 жылғы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының кейінгі деректеріне сай, Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастыратын "Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%" (World's Top 2% Scientists) рейтингіне "Болашақ" бағдарламасының 3 түлегі кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үміткерлер Scopus базасындағы жарияланым белсенділігінің өсу қарқыны бойынша іріктелді. 2021 жылы жұмысына ең көп сілтеме жасалған авторлардың және өз мансабында еңбегіне ең көп сілтеме жасалған ғалымдардың тізіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ратбай Мырзақұлов кірді.

"Жұмыстардың дәйексөзділігі - әріптестер тарапынан ғылыми қызмет нәтижелеріне жоғары баға беруі. Менің Астрофизика, гравитация, космология және солитон теориясы бойынша ғылыми еңбектеріме көп сілтеме жасалды. Бұл жас ғалымдар үшін үлгі боларлық деп ойлаймын", - деді ғалым Ратбай Мырзақұлов.

Сонымен қатар 2021 жылғы үздік ғалымдар рейтингі "Болашақ" бағдарламасының екі түлегін – Нұрлан Оразалин мен Сәрсенбек Монтаевты ерекше атап өтті. Әлемдегі ең үздік ғалымдардың қатарына ену - әлемдік ғалымдар қауымдастығына интеграциялануға үлкен мүмкіндік. Ғылыми бағытымды одан әрі жетілдіруге де ынталандырады.

"Болашақ" бағдарламасының стипендиаты - Сәрсенбек Монтаев құрылыс материалдары өндірісіндегі жаңа технологияларды әзірлеумен айналысады. Сәрсенбек Жапонияда "Нанотехнология" мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Бағдарламаның түлегі, ғалым Нұрлан Оразалин де еліміздегі ғылымның дамуына өз үлесін қосып келеді.

"Мені әлемдегі ең көп сілтеме жасалған ғалымдардың 2%-на қосқанын білгенде өте қуандым. Бұл көпжылдық және жүйелі жұмыстың нәтижесі. Ғылыми жарияланымдарымның тақырыптары - корпоративтік басқару, тұрақты даму, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, бухгалтерлік есеп пен қаржының өзекті мәселелері. Қуантатын жайт - әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар менің ғылыми жарияланымдарыма сілтеме жасады, 160-қа жуық дәйексөз", - деді КИМЭП университетінің Бухгалтерлік есеп және қаржы ассистент-профессоры, "Болашақ" түлегі Нұрлан Оразалин.

Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Зерттеу екі дерекқорды қамтиды. Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар ұсынылса, екіншісінде - кейінгі жылдағы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілген.

Қазақстан
Болашақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды