Биология сабағында теңіз шошқасын сойды: мұғалім жұмыстан шығып кетті

Алматыда мектеп оқушылары сабақта мұғаліммен бірге теңіз шошқасын сойып, бөлшектеп тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тәжірибе" сабағынан видеолар әлеуметтік желіде жарияланған. Кейін оны қалалық білім басқармасы тексерді. Нәтижесінде бұл жағдай 17 ақпан күні Алматыдағы жекеменшік мектептің 10-сынып оқушыларымен биология пәнінен қосымша тәжірибе сабағында болғаны белгілі болды.

Мұғалімнің айтуынша, ол оқушылардың қалауымен теңіз шошқасының ішкі мүшелерін көрсетіп, "анатомия және физиология" бөлімін қорытындылау мақсатында тәжірибе сабағын өткізген.

"Алдағы уақытта мұндай фактілердің алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар мектеп әкімшілігіне қоршаған ортаға құрметпен қарауды қалыптастыру, жануарларға қатыгездік көрсетудің алдын алу мақсатында мектепішілік бақылау мен тәрбие жұмысын күшейту жөнінде ұсыныстар берілді. "Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі

"Биология пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан кетті" деп қорытындылады басқарма.

13 ақпанда Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, соның салдарынан үш бала зардап шекті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 ақпанда оқушы екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: