Президенттік степендия 2023 жылы мыңнан астам студентке беріледі

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Стипендиялар қазақстандық жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына бөлінеді.

Мәселен, басқа жоғары оқу орындарына қарағанда, бұл степендиямен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті көбірек қамтылған – 100. Сондай-ақ университеттің магистранттарына 2 степендия тағайындалған. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 94 степендиядан бөлінген.
 
М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетiнің 60 студенті президенттік степендияға ие бола алады.

Ал А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне 55 степендия бөлінген.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетiне 47, Халықаралық білім беру корпорациясына 35, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 34 степендия бөлу көзделген.

Барлығы 55 жоғары оқу орнының студенттеріне 1005, магистранттарға 7 президенттік степендия тағайындалады.

Құжат 20 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланған.

Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы 3 курстан бастап мемлекеттік тапсырыс негізінде де, ақылы негізде де тек "өте жақсы" оқитын күндізгі бөлімнің студенттеріне беріледі.

Стипендия мынандай санаттағы студенттерге беріледі:

Студенттерге арналған президенттік шәкіртақы мөлшері 73 320 теңге; магистранттарға – 173 974 теңге.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты