Қарағандылық оқушы қыз Американың бірнеше университетінен оқуға шақырту алды

Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қарағанды қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Адина Жайлова Американың үздік төрт университетіне оқуға шақырылып, оның таңдауы Джон Хопкинс университетіне түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Адина 12-сыныпта оқиды. Ол бірнеше әлемдік жоғары оқу орнына өтінім жіберіпті. Нәтижесінде Джон Хопкинс университетіне (John Hopkins University), сондай-ақ Питтсбург (University of Pittsburgh), Мичиган штатындағы (Michigan State University) және Бостондағы (Northeastern University) университеттерге оқуға шақырту алды.

"John Hopkins University университетінде іріктеуден өту өте қиын. Жыл сайын оған 30 мыңнан астам адам түсуге тырысады, бірақ үміткерлердің тек 6% ғана өтеді. Бұл АҚШ-тағы оқыту мен ғылымды біріктірген алғашқы оқу орны. Джон Хопкинс университетінің түлектері арасында Нобель сыйлығының 27 лауреаты бар".Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Адина Жайлова университетте биохимияны оқығысы келетінін айтады. 

"Менде екінші курстың соңында мамандық туралы шешім қабылдауға мүмкіндігім бар. Қазақстанда ғылымның дамуына өз үлесімді қосу үшін PhD алуды жоспарлап отырмын".Адина Жайлова


Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды