Қостанайда кәсіпкерлерге ескерту жасалды

Сурет: Zakon.kz
Қостанайда бизнес нысандарының қасбеті көріксіз болса, айыппұл салынады. Қала әкімі кәсіпкерлермен кездесуде осылай деп ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс орталығының сәулет көркіне нұқсан келтіретін ғимарат аз емес. Әсіресе айналасына жарық бағандары орнатылмаған ғимараттар түнде тіпті сұрықсыз көрінеді. Биыл барлық кәсіпкерге осындай талап қойылып, қалыпқа келтіру туралы хабарлама жіберілген. Бірақ оны ескергені некен-саяқ. Сондықтан қала басшысы келесі жылдан бастап бизнес нысандарын салдыр-салақ ұстайтындарға қатаң шаралар қолданатынын ескертті, деп хабарлайды "Хабар 24". 

Жыл сайын бизнес ғимараттарының сыртын жөндеп, дұрыстаңдар деп айтумен келеміз. Кәсіпкерлердің, атқарушы билік органдарының жауапкершілігі айқындалған  тәртіп бар. Сондықтан реніш болмасын, енді қатаң шаралар қолдана бастаймыз. Бүгін ауызша ескерту болды,келесі де тек айыппұлмен жазалаймыз.Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты