Жұмбақ мекен – Маңғыстау несімен қызықтырады

Кешқұрым түсіру тобы Қапамсай шатқалына келіп, сонда түнеді.

"Еуразия" Бірінші арнасының түсіру тобы "Вау, Қазақстан!" жобасы аясында Маңғыстау облысына бес күнге саяхаттап қайтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сапар Ақтау қаласынан басталды. Содан соң олар Ақтаудан 63 км қашықтықта, Каспий теңізінің жағасында орналасқан Жалғыз Жартасқа келді.

Ал Каспий әлемдегі ең үлкен көл. Оны неге теңіз деп аталуы себебін жүргізуші Әнуар Нұрпейісов былай деп түсіндірді:

"Судың тұздылығы мен түбінің геологиялық құрылымына байланысты бұл көлді теңіз деп атайды", - деді.

Каспий теңізінен солтүстікке қарай 15 шақырым жерде тағы бір тамаша жер - Көк шығанағы орналасқан. Бұл жер жергілікті тұрғындар мен қонақтар жиі келетін ең көрікті жерлердің бірі саналады.

Кейін топ Саура көліне жол тартты. Саура көлі үш жағынан жарты тостаған тәрізді биіктігі елу метрдей тұйық бет түріндегі тік жартастармен қоршалған. Саура шатқалы көркемдігімен, жұмбақтығымен ерекшеленеді.

"Су миллиондаған жыл бойы борпылдақ жыныстарда ойықтарды тесіп өткен, нәтижесінде осындай көл пайда болды", – деді Әнуар.

Кешқұрым түсіру тобы Қапамсай шатқалына келіп, сонда түнеді. Ол Маңғыстаудағы ең әдемі бор шатқалдарының бірі екенін айта кетейік.

Келесі нүкте – Маңғыстаудағы ең жұмбақ мекен Шар алқабы. Геологтар бұл шарлар 120 миллион жыл бұрын пайда болған деседі. "Бұрын бұл жерде үлкен мұхит болған" деген пікір де айтылған. Алып аумаққа тарыдай шашылған мыңдаған дөңгелек тас шынымен де талайды таңқалдырған.

Содан кейін топ Көк-қала тауына бет алды. Бұл өзі кішкентай болғанымен, ерекше реңкті тау. Көк түстен гөрі, тау сұр және қызыл түсті болып көрінеді.

Кешке қарай "Вау, Қазақстан!" бағдарламасының түсірілім тобы Шерқала тауына барды. Шерқала арабтардың VII-IX ғасырлардағы шабуылына ұшырап, мықты ерлік көрсеткен шаһар. Одан кейін Ұлы Жібек жолы бойындағы ең танымал қалалардың бірі болған деседі. Шерқала тарихта 800 өмір сүрген, бірақ теңіз жолының дамуына байланысты экономикалық жағынан тиімсіз болып, тұрғындар басқа жаққа көше бастаған. Дегенмен қазір де мұнда туристер жиі келеді.

Маңғыстау өңірінің тылсым, табиғаты таңдай қақтыратын ең көрікті жерлерін көргіңіз келсе, осы сенбіде "Еуразия" Бірінші арнасынан "Уау, Қазақстан!" бағдарламасын тамашалаңыз!

Дайана Тоқберген

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: