Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 09:32 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 26 тамызда бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлықтың мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылсын", – делінген Президент қол қойған Жарлықта.

Құжатқа сәйкес, Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтті. Сол күні БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың сайлануына үлкен үміт артатынын және жаңа заң шығарушы орган Қазақстанның дамуына тың серпін береді деп сенетінін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болатынын мәлімдеді.

25 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың дауыс беру қорытындысын жариялады. Сайлау нәтижесінде бес пайыздық межеден бес партия өтті: "Әділет" – 71,17%, "Ауыл" – 6,26%, Respublica – 5,56%, ОСДП – 5,11%, "Ақ жол" – 5,21%.

Ал Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) 3,11%, "Байтақ" партиясы 1,07% дауыс жинап, қажетті бес пайыздық межеден өте алмады. "Барлығына қарсымын" нұсқасын сайлаушылардың 2,51%-ы таңдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: