Мұхиттарға қауіп төніп тұр: БҰҰ басшысы табиғатты қорғауға шақырды

Сурет: pxhere
Мұхит аумақтың 70%-дан астамын алып жатыр және планетадағы оттегінің 50%-дан астамын өндіреді. Мұхиттардың биоалуантүрлілігіне адам әрекетінен қауіп төніп тұр. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Климаттың өзгеруі, биоалуантүрліліктің жоғалуы және ластануының үш еселенген дағдарысы біздің мұхиттарымыздың денсаулығына қауіп төндіретіні анық.БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш

Сонымен бірге мұхит ресурстары мен биоәртүрлілік адам әрекетінің салдарынан мынандай қауіп төніп тұр:

Антониу Гутерриш «табиғатқа қарсы түрде емес, онымен бірлесе жұмыс істеуге» және мұхиттарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Өткен қарашада Глазгода өткен климаттың өзгеруі бойынша конференция климаттың өзгеруін тежеудегі теңіз экожүйелерінің рөлін мойындады. Наурызда мемлекеттер пластикалық ластануды тоқтату үшін жаңа келісім бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Мұхиттың жағдайы мен өнімділігін қамтамасыз ету – біздің ұжымдық міндетіміз. Оны біз тек бірге орындай аламыз. Мен мұхиттардың саулығына алаңдайтын барлық адамды оны қалпына келтіру үшін күш біріктіруге шақырамын.Антониу Гутерриш
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы