2023 жылы Алматыда қалдықтарды сұрыптап жинау міндеттеледі

Қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеуге байланысты мәселені реттеу үшін 2023 жылы Алматыда қалдықтарды басқару бөлігінде абаттандырудың өзгертілген ережелері қабылданады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cонымен қатар қалдықтарды "құрғақ" және "дымқыл" деп бөліп жинау міндеті енгізіледі. Бұдан басқа қалдықтарды басқару саласында жұмыс істейтін субъект ретінде ҚР БМЖТ есепке қоймай мамандандырылмаған ұйымдардың қызметін шектейді. Бұл өзгерістер "Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасында және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларында" қарастырылған.

Қалдықтарды жинау мен сұрыптауды жетілдіру мақсатында 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 250 млн теңгеге ҚТҚ-ны бөлек жинау талаптарына сәйкес халықтан ірі габаритті және құрылыс қалдықтарын орналастыру үшін аулалардың ішінде кемінде 12 шаршы метр алаңы бар арнайы учаскелер ұйымдастырылады.

Қалдықтарды жинау және қайта өңдеумен айналысатын ШОБ кәсіпорындары мобильді қосымша, қалалық қызметтердегі бонустар, мұражайларға, театрларға тегін билеттер арқылы тұрғындарды қайталама шикізатты жинауға және өңдеуге жіберуге ынталандырады. 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс арқылы ҮЕҰ-ны тарта отырып, мектептен тыс бағдарлама бойынша экологиялық мінез-құлыққа оқыту үшін экологиялық сезінуді арттыру мақсатында "Жасыл мектеп" жобасы іске асады. Жыл сайын аталған жобаға жергілікті бюджеттен 10 млн теңгеден бөлінеді.Алматы әкімдігі

2023-2024 жылдар кезеңінде жергілікті бюджеттен 9,8 млрд теңге сомасына ҚТҚ – 3500 бірлік контейнер жинау үшін 772 бірлік жаңа жерасты КП жаңғырту және салу жүргізіледі.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 2025 жылға дейін ҚТҚ жинау және арнайы техниканың қозғалу кестесін қадағалау үшін GPS жүйесімен жабдықталған барлық қоқыс шығаратын ұйымның арнайы техникаларына арналған диспетчерлеу жүйесі енгізіледі. Сонымен бірге ірі желілік дүкендерде жеке инвестициялар есебінен 2025 жылдың соңына қарай сусындардан жасалған қаптамалар мен шыны бөтелкелер мен банкаларды жинауға арналған контейнерлерді қабылдау бойынша 100 млн теңге сомасына "фандоматтар" орнатылады.

Қайталама шикізатты жинау пункттерінің желісін 500 бірліктен кеңейту жоспарланып отыр.

3,4 млрд теңге сомасына құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорын құрылады. Сонымен қатар 2025 жылдың соңына қарай өндірістік құрылыс қалдықтарын жинау үшін екі арнайы учаске, 2030 жылдың соңына қарай тағы үшеуі ұйымдастырылады.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: