Министрлікке қарасты Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың сөзінше, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына шектеу әр әкімдіктен жеке қойылады және бұл шектеулер елдің басқа аумағына жүрмейді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қойылған шектеулер ашық жарияланады. Мұндай шектеулер "Әділет" порталы мен әкімдіктердің ресми сайттарын қоса алғанда, ашық дереккөздерде орналастырылады.Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев
Ержан Қазанбаевтың айтуынша, бағаның өсуіне қатысты шағымдармен мына үш органға жүгінуге болады:
Біріншісі — әкімдіктер. Себебі жергілікті атқарушы органдар сауда желілеріндегі баға үстемесін бақылауда ұстай алады. Тіпті сауда үстемесінің 15%-ынан аспауы үшін бағаны бақылайтын арнайы құралдары бар.
Екіншісі — Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және Комитеттің аумақтық департаменттері. Сонымен қатар жақында Сауда комитетінде E-tutynushy платформасы арқылы аумақтық департаменттерге жүгінетіндей мүмкіндік пайда болады. Сонда кез келген тұтынушы әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қымбаттатқаны үшін дүкенге шағым түсіре алады.
Үшіншісі — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның аумақтық департаменттері. Мұнда азық-түлік өнімдерінің жасанды тапшылығы немесе баға алыпсатарлығы пайда болды деген күдік туған жағдайда жүгінуге болады.
Осыдан кейін әкімдіктер, Сауда және интеграция министрлігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі белгілі бір шаралар қабылдайды.Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев