Азық-түлік бағасының негізсіз өсімі орын алса қайда шағымдануға болады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Сауда министрлігі бағаның өсуіне қатысты шағымдарды қайда жолдау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) шекті бағаларын қайда қарау және шағымдарды қайда жіберу туралы сұраққа жауап берді.

Бірінші кезекте, Ержан Қазанбаев ӘМАТ-қа шекті мәндерді әкімдіктер әр өңір үшін жеке белгілейтінін және елдің басқа өңірлеріне таралмайтынын түсіндірді.

Шекті бағалар туралы мәліметтер ашық болып табылады және "Әділет" порталы мен әкімдіктердің ресми сайттарын қоса алғанда, ашық көздерде орналастырылады. Комитет төрағасы

Сондай-ақ, Ержан Қазанбаев қандай мемлекеттік органдарға бағаның өсуіне қатысты шағымдармен жүгінуге болатынын айтты.

 Бірінші арна – бұл әкімдіктер, өйткені бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдарда сауда желілерінде баға қоғамдық бақылауды тарта отырып, сауда үстемесінің 15%-ынан аспауы үшін сауда үстемелерін, сыйақыларды бақылау бойынша құрал бар.

Екінші тетік – Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және Комитеттің аумақтық департаменттері. Сонымен қатар жақын арада аумақтық департаменттер арқылы жүгіну мүмкіндігі пайда болатын Сауда комитетіне, сондай-ақ E-tutynushy платформасы арқылы жүгінуге болады, ол арқылы ӘМАТ бағасын көтеретін дүкенге шағым беруге болады.

Үшінші мемлекеттік орган – бұл ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның аумақтық департаменттері, онда азық-түлік өнімдерінің жасанды тапшылығы немесе баға алыпсатарлығы пайда болды деген күдік туындаған жағдайда жүгінуге болады.

Осыдан кейін әкімдіктердің, СИМ және БҚДА тарапынан белгілі бір ден қою шаралары қабылданатын болады. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады