Доллар бағамы 503 теңгеден асты: айырбастау пунктері валюта сатуды тоқтатты

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15.30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,58 теңгеге көтеріліп, 503,30 теңгені құрағанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңғы саудада доллар бағамы 501,64 теңге (+1,92 теңге) болды.

Қазақстанда 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) мерекесіне және демалыс күні 5 наурыз сенбіден 7 наурыз дүйсенбіге ауыстырылуына байланысты өзге валюталармен сауда-саттық өткізілген жоқ.

Ал, Алматы, Нұр-Сұлтан және басқа қалалардағы ақша айырбастау пункттері доллар мен еуро сатуды тоқтатты.

Олар долларды 512-517 теңгеден алады, еуроны 560-567 теңгеден алады, айырбастаушылардың көпшілігінде сату жоқ, кейбірінде 572 теңгеден сатады. Ресей рублі 4,3-5,3 теңгеден сатылуда/сатып алынды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады