Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев ЕАЭО-ға қатысушы елдерге санкциялар қысымы, активтерді тұтқындау және шоттарды бұғаттау сынды әрекеттерден қорғалған өзіндік халықаралық-қаржы жүйесі баяғыдан қажет болғанын мәлімдеді.
Бүгіндері біздің қаржы жүйеміз сыртқы санкцияларға төзімсіз. Осы осалдықты жою және төлем-есепайырысудағы өзара қарым-қатынастар кепілдігін қамтамасыз ету үшін бізге өзіміздің жеке инфрақұрылымымызды құру қажет. ЕАЭО-да біз ортақ биржалық кеңістік қалыптастырудамыз. Бәлкім, бүгіндері біз өзіміздің биржа тауарларына баға белгілеу жүйелеріне көшу үшін экономикаларымыздың өзара байланыстылығы жеткілікті деңгейде болар. Сергей Глазьев
Ол ЕАЭО-ға кіретін елдер іс жүзінде ұлттық валюталармен есепайырысуға көшіп кеткенін атап өтті. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 80%-ға тең, бірақ келесі жылға қарай ол 100%-ға жетуі мүмкін.
Бірақ ұлттық валютадағы есепайырысулар ұлттық валютадағы баға белгілеумен қатар жүруі тиіс. Бұл жерде ортақ валюта - есеп айырысу құралының, яғни қатысушы елдердің ұлттық валюталарының қоржынына және биржалық тауарлар қоржынына негізделуі мүмкін халықаралық есепайырысу валютасының болуы өте маңызды. Сергей Глазьев
Оның айтуынша, бірыңғай валюта тұрақты, есепайырысуда ыңғайлы және ашықтықты қамтамасыз етер еді. Оның үстіне әрбір елде банктік технологияларды, блокчейнді және басқа да заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, осындай валюта құралында жұмыс істеу үшін өз сегменті бола алар еді.
"ЕАЭО-АСЕАН" Панельдік сессиясына Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН) Бас хатшысының орынбасары Сатвиндер Сингх қатысты. Ол осы ұйым елдерінің іскерлік қоғамдастығы да сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді.
ЕАЭО мен АСЕАН ынтымақтастығы өркендеп, аса табысты дамуда. Біздің өзара сауда-саттық көлемі 21,3 млрд долларды құрайды. Біздің басты сауда әріптестеріміздің арасында Ресей, Қазақстан, Тәжікстан да бар, - деп атап өтті Сатвиндер Сингх.
Сондай-ақ, ол АСЕАН қауымдастығы Еуразиялық өңірге тасымал тізбегін әртараптандыруға көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Айта кетсек, Санкт-Петербургте XXV Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) өтіп жатыр. Бұл - әлемдегі ең ауқымды және маңызды іскерлік шаралардың бірі.