Ақшолақов: Қазақстан мұнай тасымалы бойынша Әзірбайжанмен келісімшартқа отырған жоқ

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Әзірбайжан арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша 1,5 млн тонна мұнайды айналдыра айдауды жоспарлап отырғаны туралы шетелдік БАҚ-та пайда болған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгіндері мұндай мәселелер қандай да бір деңгейде қарастырылып, техникалық тұрғыда талқыланып жатқан болуы мүмкін. Ұлттық компаниялар деңгейінде және тағы басқа жағдайда дегендей. Бірақ қыркүйек айындағы мұнай жөнелту бойынша қол қойылатын келісімге оның түк қатысы жоқ. Одан кейін, 1,5 млн тонна – мұндай көлем біздің экспорттық бағытымыздағы проблеманы шешеді деудің өзі өте күлкілі, – деді министр Facebook-тегі конференция барысында.

Әзірге, министрлік КҚК құбырының үздіксіз жұмысын сақтауды негізгі міндет деп санайды. Сондай-ақ ол КҚК жұмысын уақытша тоқтатқан кезде қазақстандық мұнай Батуми порты арқылы тасымалданғанын, оның қуаттылығы 5 млн тоннаны құрағанын нақтылай кетті.

1,5 миллион тонна жағдаймызды айтарлықтай жеңілдете қоймайды. Біздің министрліктің мұндай келісімге қол қою жоспары жоқ. Қандай да бір бағалаулар жүргізіліп жатыр, бірақ мен мұндай келіссөздердің маңында болған емеспін, – дейді Ақшолақов.

Дегенмен ол 2024 жылға қарай еліміз бойынша мұнай өндірісі көлемі 100 млн тоннаға жететінін, міне сол кезде баламалы бағыттар қажеттігі туындауы мүмкін екенін атап өтті. Бірақ бұл инфрақұрылымдар салуды талап етеді.

Оның айтуынша, төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі де қарастырылып жатқан жоқ, өйткені оның орнына Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту тиімдірек болар еді.

Зауыттың ағымдағы қуаты - 6 млн тонна. Оны екі есеге, яғни 12 миллионға дейін арттыру мәселесі де алдымызда тұрған жоқ. Өйткені бізде көп тұтыныс жоқ. Тіпті, төртеудің өзі көп. Бір кездері біз зауыт қуаттылығын 2-3 миллион тоннаға кеңейтуді қарастырған болатынбыз. Оның үстіне мұнымыз модульдік, сондықтан ол әбден мүмкін еді. Бірақ, әзірге бұл шешім қабылданған жоқ, өйткені бізде отын жеткілікті және экспорттағы нарықтарымыздың ауқымы да онша үлкен емес. Бізбен шекаралас елдер, негізінен Орталық Азия елдері, олар мұндай көп мөлшерде шикізат тұтынбайды. Ал Ресей Федерациясына бағыттаудан пайда жоқ. Өйткені мұнай Ресейдің өзінде де артылып жатыр. Болат Ақшолақов
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: