"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры мемлекет пайдасына 1,3 трлн теңге бөлді

Самұрық-Қазына, 2024 жыл, мемлекет, дивидент , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 20:41 Сурет: sk.kz
2024 жылы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының мемлекет пайдасына 1,3 трлн теңге бөлді. Бұл туралы 20 қарашада аталған қордың баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционері 20 қарашада ҰӘҚ-ның 2023 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекітті. Бұл туралы мәлімет KASE-де жарияланды. Оған сәйкес, былтыр қор жалпы 1,7 трлн теңгеге жуық таза кіріс алған.

Осыған қатысты қосымша ақпаратпен бөліскен қордың баспасөз қызметі мемлекет пайдасына 1,3 трлн теңге қарастырылып, бөлінгенін нақтылайды.

Оның ішінде:

  • дивидент ретінде мемлекет бюджетіне 579 млрд теңге;
  • Үкіметтің тапсырмасы аясында әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 228 млрд теңге бөлді. Бұл қаражат медициналық орталықтар, әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер құрылысына және басқа да әлеуметтік жобаларға жұмсалды.
  • экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, елді мекендерді газдандыруға 105 млрд теңге;
  • экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қаржыландыру үшін 272 млрд теңге;
  • қайырымдылыққа 10 млрд теңге (қайырымдылыққа жыл сайын бөлінетін сома);
  • су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 22 млрд теңге бөлді.
  • 50 млрд теңге "Қазақстан халқына" ҚҚ-на аударылады.


"Бұған дейін дивидендтерді төлеу және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру бойынша қабылданған шешімдерді ескере отырып, қордың 2023 жылғы қаржылық есебін бекіту туралы Үкімет шешімі шеңберінде қосымша дивидендтер төлеу қарастырылмаған. Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" АҚ 53,5 трлн теңгеден астам сомаға 130 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда".  "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: