Қазақстанда ұн бағасы бір жылда 45 пайызға қымбаттады

Сурет: pixabay
Сарапшылар Қазақстанда ұн бағасы рекордтық өсім көрсеткенін есептеді. Олардың есебі бойынша, ұнның бөлшек саудадағы бағасы бір жылда 45 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Energyprom.kz хабарлауынша, қазан айында ұн бағасы жыл басынан бері рекордтық 41,3%-ға қымбаттады. Ал 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда баға 44,3%-ға өсті.

Сондай-ақ, бір айда бағаның 1,2 пайызға өскені айтылады.

Сарапшылар бағаның бұрынғы рекордтық өсімі 10 жылдан астам уақыт бұрын, 2012 жылдың тамызында 5,6%-ға көтерілгенін түсіндіреді.

Жоғары сортты бидай ұнының бөлшек сауда бағасы 2022 жылдың қазан айында келісіне 369 теңгені, бірінші сұрыпты – келісіне 245 теңгені құрады, делінген зерттеуде.

Қалалар арасындағы ең жоғары сұрыпты бидай ұнының ең қымбат килограммы:

Ең арзан ұн Ақтөбе, Павлодар, Жезқазған және Семей қалаларында сатылды.

Бұл ретте жарма және көкөніс ұнынан, сондай-ақ ұсақ ұнтақтау қоспаларынан ұн өндіру 1,5%-ға өсті. Көлемнің жартысынан астамы Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласына тиесілі.

28 қыркүйекте бағаға шолу жарияланды: өнімнің бағасы Қазақстанның оңтүстігі мен батысында қаншалықты ерекшеленеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды