Ақшолақов қазақстандық мұнай қай бағытпен экспортталатынын айтты

Энергетика министрі Болат Ақшолақов 14 желтоқсандағы үкімет отырысында қазақстандық мұнайды экспорттау бағыттарын әртараптандыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Болат Ақшолақов 2029 жылға қарай Шымкент мұнай өңдеу зауытын 9 миллион тоннаға дейін кеңейту жобасын аяқтау жоспарланып отырғанын айтты. Оның c-сөзінше, бұл өңдеу көлемін жылына 21 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

"Экспорттық бағыттарды әртараптандыру жөніндегі тапсырма аясында мұнай экспортының баламалы бағыттарын дамыту бойынша Жол картасының жобасы әзірленді. Осылайша Әзірбайжан, Грузия және Түркия порттары бағытында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, сондай-ақ Қытай мен Иранға экспорттық бағыттарға баса назар аударылады". Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Сондай-ақ Қашаған кен орнында қуатты 1,1 млрд текше метр және 2 млрд текше метр ілеспе газды өңдейтін екі зауытты іске асыру жоспарланған. Бұл елдегі тауар газ өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, 2023 жылы Қарашығанақ газын "ЖайықМұнай" газ өңдеу зауытында өңдеу туралы шешім қабылданады, бұл газ өңдеуді 4 млрд текше метрге ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: