Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, оружие, пистолет полицейского, задержание, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 08:57 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда Сайран көліне жақын жердегі жеке үйлердің маңынан қару мен патрондар табылды. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы дереу аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 22 қарашада Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қару мен патрондар Әуезов ауданындағы Садовников көшесінен табылған.

Оқиға орнына келген полицейлер қару мен оқ-дәрілерді процессуалдық тәртіппен алып қойып, сараптамаға жіберді.

"Қару мен оқ-дәрілер сараптамаға жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, табылған қару газды қару санатына жатуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Қазір жедел уәкілдер қару мен оқ-дәрілердің қайдан шыққанын және кімге тиесілі екенін анықтап жатыр. Сондай-ақ полицейлер бұл қарудың қандай да бір қылмыста қолданылған-қолданылмағанын тексеріп жатыр.

Бұған дейін полицейлер Алматының таулы бөлігінде, Медеу ауданындағы саяжай алқабынан тастап кеткен қару мен оқ-дәрілерді тапқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: