Алматы тауларынан қауіпті зат табылды

Тау, Алматы, Медеу ауданы, саяжай алқабы, қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2026 09:25 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының Медеу ауданындағы саяжай алқабынан қару-жарақ табылды. Оқиға орнына аудандық полиция басқармасы мен полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында полицейлер ИЖ маркалы тегіс ұңғылы мылтықты, тапаншаға ұқсас затты және 16-калибрлі алты оқ-дәріні тәркіледі.

"Қазір тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар қарудың қайдан шыққанын, кімге тиесілі екенін және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Полиция азаматтарды қару немесе оқ-дәрі тауып алған жағдайда оларға қол тигізбей, дереу "102" нөміріне хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: