Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды
Сурет: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Алматының Медеу ауданындағы тауда орналасқан саяжай аумағынан қару мен оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы ИЖ тегіс ұңғылы мылтығын, тапаншаға ұқсас затты және 16 калибрлі алты патронды алып қойды.
"Алынған заттардың барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар қарудың қайдан шыққанын, кімге тиесілі екенін және қылмыс жасау кезінде қолданылған-қолданылмағанын анықтайды", – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті 2026 жылғы 16 қазанда.
Полиция қару немесе оқ-дәрі тапқан жағдайда оларға қол тигізбей, дереу "102" нөміріне хабарласуға шақырды.
2026 жылғы қыркүйекте Ішкі істер министрлігі ел аумағында Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қарулар әлі де табылып жатқанын хабарлаған еді. Ал Алматыда балық аулауға барған ер адам судан патрондар салынған сөмке шығарып алған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript