Түркістан облысында қарт тұрғыннан оқ-дәрі мен арқардың мүйіздері тәркіленді

Браконьер, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, қарт тұрғын, арқар мүйіздері, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2024 20:48 Сурет: pixabay
Түркістан облысында полиция қарт тұрғыннан оқ-дәрі мен арқардың мүйіздерін тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 69 жастағы қарт адамды қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін ұстады.

Полицейлер Бәйдібек ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, түрлі калибрлі 100-ге жуық патрон, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, белгісіз жануардың мүйіздері мен алдын ала болжам бойынша арқардың еті, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелерді тауып тәркіледі. 

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: