Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында тұрғынның үйінен 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді

оқ-дәрі Сурет: polisia.kz
Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне тұрғынның бірі үйінде патрондарды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат түскен. Полиция қызметкерлері тез арада күдіктінің мекенжайын анықтады. Аталған мекенжайға тінту жүргізу кезінде ауыл тұрғынының үйіндегі түрлі калибрлі 260-тан астам заңсыз сақталған оқ-дәрі тәркіледі.

Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп және оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз