Жамбыл облысының полицейлері қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған пакетті тапты

қару-жарақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 01:10 Сурет: polisia.kz
Тараздың шетіндегі тұрмыстық қоқыстардың арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған пакет тауып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Табылған қарудың ішінде 16 мм калибрлі Иж-17 қосауыз тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, ТОЗ-Б тегіс ұзын ұңғылы аңшы мылтығы, газды револьвер, 5,45 мм калибрлі 30 патрон, 16 мм калибрлі 4 патрон, 9 мм калибрлі 12 травматикалық патрон және оқ өтпейтін жилет болды.

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды".Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: