Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 13:35 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері Мақтаарал ауданы Атакент ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күмәнді ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты.

Жедел уәкілдер көліктің ішін тексеру кезінде Саига атыс қаруы мен шолақ аңшылық мылтық, сондай-ақ аталған қарулардың 8 оқ-дәрісін тауып, тәркіледі.

Жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер ер адамның атыс қаруын қандай мақсатта заңсыз ұстағанын анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: