Түркістан облысында тұрғыннан тіркелмеген қару тәркіленді

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген күдікпен Сауран ауданының тұрғынын ұстады., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 13:24 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген күдікпен Сауран ауданының тұрғынын ұстады.

Полицейлер оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде ұсақ калибрлі мылтық карабині мен оқ-дәрілерді тапты.

Тәркіленген атыс қаруы тіркелмеген болып шықты. Қару заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Барлық жағдайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Полиция қаруды тиісті құжаттарсыз сақтау және алып жүру құқық бұзушылыққа жататынын және бұл бойынша қатаң жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: