Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз тергендер ұсталды

Өсімдіктер, Түркістан облысы, Қызыл кітап, заңсыз теру, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 21:16 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ҚР Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін өсімдіктерді заңсыз жинаумен айналысқан тұлғалар тобының әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер таулы аймақтарда тыйым салынған өсімдік түрлерін жинады деген күдікпен Төлеби ауданының алты тұрғынын ұстады.


"Тексеру және тінту жұмыстары кезінде жалпы салмағы шамамен 100 келіден асатын 3000-нан астам макротомия өсімдігінің тамыры және арнайы қолдан жасалған күректер тәркіленді. Аталған дерек бойынша сирек кездесетін, жойылу қаупі төнген және айналымына тыйым салынған өсімдіктермен заңсыз әрекет ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде істің барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр", делінген хабарламада.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және табиғи ортаны сақтауға, қорғауға шақырады.

Бұған дейін ІІМ "күшті әсер ететін заттардың" заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін ескерткен болатын.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: