Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысының полициясы кір жуатын ұнтақты заңсыз дайындаған жасырын цехты анықтады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2024 12:59 Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласында орналасқан заңсыз өнім дайындайтын цехтың қызметіне тосқауыл қойды.

Кентау қаласының 2 тұрғыны кір жуғыш ұнтақтың белгілі жазулары бар брендтерінің полиэтилен пакеттерін алып, оған қолдан жасалған сапасыз ұнтақтарды салған.

Олар бұл әрекеттерін Шымкент қаласындағы үйді жалға алып, сонда жасаған.

Полиция тексеру барысында цехтан ішінде контрафактілік өнімі бар 300-ден астам қапты, сонымен қатар әрқайсысы 40 келі болатын белгісіз ұнтақ тектес заттың 13 қабын, ұнтаққа қосу үшін дайындалған тұз тәрізді заттың 5 қабын анықтады.

Сонымен қатар электронды таразылар және тағы да басқа айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта жиналған материалдар Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: