ІІМ "күшті әсер ететін заттардың" заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін ескертті

Дәрі-дәрмек, ІІМ, күшті әсер ететін заттар, заңсыз айналым, қылмыстық жауапкершілік  , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 17:55 Сурет: pexels
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті азаматтарға үндеу жасады. Мамандар күшті әсер ететін заттарды қамтитын дәрілік заттардың заңсыз айналымы әкімшілік, сол секілді қылмыстық та жауапкершілікке әкеліп соғатынын еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов есірткі құралдарын және күшті әсер ететін заттарды қамтитын дәрілік заттардың заңды айналымын бақылау мақсатында 2025 жылдың басынан бері "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасының үш кезеңі өткізілгенін жеткізді.

"Оның барысында 1200-ден астам медициналық мекеме тексеріліп, 100 мыңнан астам препараттың айналымына шектеу қойылды, мыңнан астам материал жиналып, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменттеріне жолданды. Жалпы сомасы 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды". Бақытжан Әмірханов

Оның айтуынша, ең көп кездесетін құқықбұзушылықтардың бірі "күшті әсер ететін заттар" тізіміне енгізілген дәрілік препараттарды рецептсіз сату болып табылады.

"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап "күшті әсер ететін заттардың" заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Аталған заттардың тізбесі денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген. Дәрілік заттардың айналымымен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Ішкі істер министрлігі оларды бұзу әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілікке әкелетінін еске салады", - дейді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: