Түркістан облысында тұрғыннан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кентау қаласының аумағында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаудың кезекті дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер іздестіру шарасы кезінде тұрғынның үйінен заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтады.
Тінту жүргізу кезінде күдіктіден ТОЗ қару, түрлі калибрлі 60-тан астам оқ-дәрі, қолдан жасалған екі пышақ тәркіленді. Тәртіп сақшылары заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді.
Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеді.
Қазіргі уақытта осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript