Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында терроризм және экстремизм сипатында 9 қылмыс тіркелді

Түркістан облысында терроризм және экстремизм сипатында 9 қылмыс тіркелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 15:29 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өңірде экстремизм мен терроризм көріністерін болдырмау мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың 10 айында 9 экстремистік және террористік сипаттағы қылмыс анықталды. Оның ішінде ҚР ҚК-нің 405-бабы (Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу) бойынша 5 іс тіркелген.

Ал ҚР ҚК-нің 174-бабымен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) төрт жайт анықталды.

Оған қоса полицейлер заңсыз жұмыс істеп тұрған үш намазхананы анықтап, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жүргізілген рейдтік іс-шара барысында экстремистік құқық бұзушылықтың алты дерегі бойынша 428 діни әдебиет алынды.

Жергілікті құрылымдармен деструктивті діни ағымдарының ұстанушылары жасаған жалпы 846 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шара қолданылды. Барлығы 1,7 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Мысалы, осы жылы облыс аумағында жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз сауда орындарында, базарларда, дүкендерде діни әдебиеттерді сатқаны үшін 11 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сот шешімімен 1-ден 50 АЕК-ге дейін айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: