Түркістан облысында жазаға тартылған ер адамнан аса ірі мөлшерде есірткі табылды
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Сайрам АПБ-ның полицейлері бірлесіп, аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нақтырақ айтсақ, полицияға тұрғынның бірі өзімен есірткі алып жүр деген ақпарат келіп түсті. Осы бойынша тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде Сайрам ауданының Ақсукент ауылында күдікті мінген «Тойота Камри» маркалы көлік тоқтатылды. Тәртіп сақшылары автокөліктегі күдікке ілінген жолаушыны тінту кезінде, одан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік тектес затты тапты.
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, алынған зат салмағы 1,2 келіден асатын «марихуана» есірткісі болып шықты. Сонымен қатар күдіктінің шартты түрде жазасын өтеп жүргені және осыған қарамастан қайта заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қылмыс жасағаны белгілі болды. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Күдікті қамауға алынды. Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript