Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттік жігіттің көлігінен ірі көлемде есірткі табылды

Қылмыстық оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2022 14:06 Сурет: видеодан алынды
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Сайрам АПБ-ның полицейлері бірлесіп, аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтсақ, полицияға Шымкент қаласының тұрғыны өзімен бірге есірткі алып жүр деген ақпарат келіп түсті. Осы бойынша тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде, Сайрам ауданының Ақсукент ауылында күдікті мінген Toyota Camry көлігін тоқтатылды. Тәртіп сақшылары автокөліктегі күдікке ілінген жолаушыны тінту кезінде одан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік тектес затты тапты. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, алынған зат салмағы 1,2 келіден асатын марихуана есірткісі болып шықты. Сонымен қатар, күдіктінің шартты түрде жазасын өтеп жүргені және осыған қарамастан қайта заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қылмыс жасағаны белгілі болды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Шымкенттік ер адам қамауға алынды. Бүгінде күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: