Түркістан облысында базардан діни кітаптар тәркіленіп, тексеруге жолданды

Экстремизм, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2023 16:26 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, діни сипаттағы әдебиеттерді заңсыз пайдалану дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері қала базарларының бірін тексеру барысында, діни мазмұндағы үш кітапты тәркіледі. Дүкеннен алынған әдебиеттер сараптамаға жіберілді.


"Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша тіркеліп, тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды". Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Өз кезегінде полицейлер, діни әдебиеттерді сату тек жеке рұқсаты бар кітап өнімдерін сату орындарында ғана мүмкін екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: