Тоқаев ЕАДБ-дағы РФ үлесінің бір бөлігін сатып алу-сату туралы келісімді ратификациялады

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАДБ-дағы РФ үлесінің бір бөлігін сатып алу-сату туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.


Бұған дейін Қаржы министрі Қазақстанның Ресейдің Еуразиялық даму банкіндегі 4,2 пайыз акциясын сатып алуы бойынша келіссөздер процесі жүріп жатқанын мәлімдеген."Келіссөздер жүріп жатыр, опцион уақыты болады, нақты төлем болмайды, ол біраз уақыттан кейін өтеді. Оны жылдарға бөлетін болсақ, бұл үлкен жүктеме болмайды деп ойлаймын. Шамамен жылына 7 млрд теңге, оны бірнеше жылға бөлеміз. Бюджетке ауыртпалық болмас үшін жалпы сома шамамен 25-30 миллиард теңге болады", - деді Ерұлан Жамаубаев

Ол Қазақстанның Еуразиялық даму банкіндегі үлесін ұлғайту елдің мәртебесін арттыратынын айтты.

БАҚ-та қазіргі таңда Еуразиялық даму банкі акцияларының 65,97%-ы Ресейге, 32,99%-ы Қазақстанға, 1%-ға жуығы Беларуське, қалғаны Тәжікстан, Армения және Қырғызстанға тиесілі екені туралы ақпарат тараған еді.

Қазақстан
Ресей
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды