Қазақстанда жиһаз бір жылда 19% қымбаттаған

Сурет: unsplash
Қазақстан жиһаз импортына өте тәуелді. Дегенмен биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда жиһаз өндірісі 51,7 млрд теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 25,2% көп (ЖТҚ – 128,8%).

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Алматыда тіркелді: 13,7 млрд теңге, плюс бір жылда 14%. Екінші және үшінші қатарда Қарағанды ​​(4,9 млрд теңге, плюс 57,9%) және Алматы (4,7 млрд теңге, плюс 58%) облыстары тұр.

"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар металл орындықтар мен басқа да отыратын жиһаздарға деген сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) 32,6% ақтаған. Бір жыл бұрын 51,6% болған еді. Ал ағаш орындықтарды 13,3%, басқа орындықтарды – 2,1% ғана қамтамасыз етті", - делінген Energyprom.kz хабарламасында.

Кеңсеге арналған ағаш жиһаз бойынша қорытынды жаман емес. Жарты жылда отандық өндірушілер сұраныстың 77,3%-ын қамтамасыз етті. Бөлшек сауда кәсіпорындары үшін жиһаз сегментінде бұл көрсеткіш 67,5%, ас үй жиһазы секторында 63%, матрац сегментінде 56,9% (бір жыл бұрын 61,1%) болды. Бірақ асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһазға сұраныстың 13,3%-ы ғана жабылған.

Жалпы алғанда ел жиһаз секторында өзін-өзі қамтамасыз етуге әлі дайын емес. Биыл тамыз айының соңында жиһаз және тұрмыстық заттар бағасы бір жылда 19,2% өсті. Өңірлер бойынша баға Шығыс Қазақстан (+33,1%), Ақмола (+31,1%), Қарағанды ​​(+29,6%), Алматы (+26,6%) және Қостанай (+25,9%) облыстарының тұрғындарының әмиянына түсті. Ең аз жылдық баға өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: 4,3%.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды