Қарағанды облысында құс фабрикасын алапат өрт шарпыды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылында құс фабрикасының аумағында бір қабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндірушілер 1 500 шаршы метр аумақтағы өртті тез арада жойды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, өрт ғимараттың ішіне таралмай, 8 000-ға жуық тауық аман қалды. Өрт екпіні күшті желдің әсерінен тез тарап кеткен.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз