Таразда алапат өрт болды

Өрт, Тараз, дөңгелектер, ЖШС, қойма, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2025 17:27 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2025 жылы 22 маусымда Тараз қаласындағы ЖШС-лардың бірінің аумағында автодөңгелектер мен бір қабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына ТЖД бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары бірден аттанды.

"Құтқарушылардың үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында өрт 90 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрттің таралуының алды алынды.

Бұған дейін Жезқазған қаласында 5 бала мен олардың анасын өрттен алып шығып, өлім аузынан аман қалған олиция қызметкері Нұржан Дүйсенбектің батыл әрекеті туралы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: