ШҚО-дағы ЖШС-лардың бірінің аумағында алапат өрт болды
Сурет: видеодан алынды
Шығыс Қазақстан облысы Октябрьское ауылындағы ЖШС-лардың бірінің аумағында кептіру агрегатында күнбағыс тұқымы отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт туралы хабар келіп түскеннен кейін оқиға орнына дереу ТЖД бөлімшелері мен ауыл құтқарушылары жіберілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 2025 жылы 1 қарашада.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылып, өртті сөндіру үшін негізгі бағыттар мен күштер анықталды. Өрт сөндірушілер мен ерікті құтқарушылардың үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript