Өнеркәсіп министрі "АрселорМиттал Теміртау" Қазақстанның меншігіне қашан өтетінін айтты

Сурет: ArcelorMittal
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" акционерлерік қоғамые еліміздің ұлттық меншігіне беру нақты қашанға жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, акционерлік қоғамның құқық меншігі қазан  айының соңында Қазақстанға беріледі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "АрселорМиттал Теміртаудың"  қазіргі акционерлерінің АҚ құрамынан шығуы бойынша келіссөздер жүргізілді, соның нәтижесі бойынша қазан айының соңында осы кәсіпорынға меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру шарттары туралы келісімдерге қол жеткізілмек".Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 

Министр қазіргі уақытта бұл мәмілені заңды түрде ресімдеу жұмысы жүргізіліп жатқанын, бұл процесс жақын арада аяқталатынын айтты.


Шахтадағы кезекті апаттан кейін Тоқаев Үкіметке "АрселорМитталТеміртаумен" инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

2023 жылғы 28 қазан күні "АрселорМиттал" АҚ-ның меншік құқығы Қазақстанға берілетіні мәлім болды. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу жұмысы аяқталып қалғанын мәлімдеді.

"АрселорМиттал" компания Қазақстанның меншігіне өтетінін растады.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты