Тоқаев Үкіметке "АрселорМитталТеміртаумен" инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

Қарағанды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, Костенко шахтасы, шахтадағы жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2023 10:00 Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 28 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 адам қаза болған Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа байланысты Үкіметке бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

"Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды", – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған хабарламда.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, 16 адам қаза тапты

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: