Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болып, жеті адам қаза тапты
Сурет: freepik
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те болған жарылыстан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, шахтада өрт шыққанын 28 қазанға қараған түні шахта шебері хабарлаған. Бұл кезде шахтада 252 кенші болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 204 кеншіні сыртқа шығарды.
Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.
Оқиға орнында штаб құрылды. Костенко атындағы шахтада Қарағанды облысының әкімі, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры, Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары, Қарағанды облысының прокуроры, арнайы құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүр.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті ақпараттық-психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефондары іске қосылды: (8-7172) 70-41-08, (8-7212) 51- 72-23.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript