Бангладеш астанасында жарылыс болып, 14 адам қаза тапты
Сурет: pixabay
Бангладеш астанасы Дакка қаласында ғимаратта жойқын жарылыс болып, 14 адам қаза тапты және 140-тан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Daily Star газеті келтірген дерекке сәйкес, жарылыс 7 наурызда жергілікті уақыт бойынша шашамен 17.50-де жеті қабатты тұрғын үй кешенінің жеке гигиенаға арналған тауарлар сататын бірінші қабатында болған.
Ғимарат қираған жоқ.
Оқиға орнында 11 өрт сөндіретін топ жұмыс істеп жатыр. Жарылыс салдарынан жақын маңдағы ғимараттарға зақым келген. Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ.
Жарылыс кезінде жан-жаққа ұшқан заттардан сол маңнан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер де зардап шеккен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript