Костенко шахтасындағы апат: қаза тапқандар саны 16 адамға жетті
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша шахтадағы 252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның ішінде 18 адам медициналық көмекке жүгінді.
"Қазір 31 кенші іздестіріліп жатыр. Тіршілік белгісі жоқ 16 кенші табылды"."АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі
Апат орнында КӘАҚҚ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Штаб құрылды.
Сенім телефондары: 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко шахтасындағы жарылыстың алдын ала себебі ретінде лавада метан жарылғанын алға тартты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтып, Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.