Костенко шахтасындағы апат: қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Сурет: freepik
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылыс салдарынан 11 адам қаза тапты. Бұл жөнінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін шахтадағы төтенше жағдай салдарынан жеті адам қаза тапқаны хабарлаған едік.
"Бүгін Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адамның өмірін жалмады, 18 адам әр түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Сағат 9:00-дегі ақпарат. Марқұм кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз". Ермағанбет Бөлекбаев
Облыс әкімі апат кезінде шахтада 252 адам болғанын, 205 кенші жер бетіне шығарылғанын нақтылады.
"Мен шахтаға келген сәттен бастап менің басшылығыммен жедел штаб құрылды, оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді". Ермағанбет Бөлекбаев
Оның айтуынша, қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсету үшін оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника және үш психолог жұмыс істеп жатыр.
Сенім телефондары жұмыс істеп тұр: (8-7172) 49-72-70, (8-7212) 51-72-23.
"Осы қиын сәттерде біз қасыңызда боламыз және сіздерге қолдау көрсетеміз". Ермағанбет Бөлекбаев
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript