Костенко шахтасындағы апатта қаза тапқандар саны 32-ге жетті

Қарағанды облысы, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, Костенко шахтасы, шахтадағы жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2023 16:28 Сурет: rawpixel
Костенко атындағы шахтада сағат 16:00 жағдай бойынша 32 адамның денесі табылды, 14 кенші әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"АрселорМитталТеміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.

"Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған денелерді шығару жұмыстары жүріп жатыр".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдайға байланысты 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бастапқыда төрт адам қаза тапты.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды ​​облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.

Өрт шыққан кезде шахтада 252 кенші болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 204 кеншіні сыртқа шығарды.

Шахтадағы кезекті апаттан соң "АрселорМиттал Теміртаудың" меншік құқығы Қазақстанға берілетін болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: