Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "Торғай – Ырғыз" автожолын салу бойынша тапсырма берді
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Торғай – Ырғыз" бағытындағы автокөлік жолын салу жөнінде үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 3 қазан күні Telegram-да мәлім етті.
"Президент үкіметке "Торғай – Ырғыз" бағыты бойынша автожол құрылысы мен батысқа бағытталған өзге де жолдардың құрылысын жеделдетуді тапсырды", – деп жазды ол.
Еске салсақ, 2025 жылғы 14 маусымда Қостанай облысында "Орталық – Батыс" көлік дәлізін салу жұмыстары басталған болатын. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Ол үкіметтің көлік инфрақұрылымын және елдің транзиттік әлеуетін дамыту жоспарларына енген.
Құрылыс "Астана – Жантеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз" бағыты бойынша жалпы ұзындығы 865 шақырымды қамтиды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript